Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при сериясы Финалында күміс медаль еншіледі

    Астана қаласында өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясының Финалында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

    Отандасымыз Батырхан Төлеуғали 80 кг дейінгі салмақтың финалында Радин Зейналимен кім мықтыны анықтады. Тартысты жекпе-жек нәтижесінде ирандық атлет жеңіске жетті. Есеп: 1-2.

    Бұл қазақ таеквондосы үшін Гран-при сериясындағы 7 жылдан кейінгі ақтық сын болды. 2019 жылы Рим қаласында отандасымыз Руслан Жапаров (+80 кг) финалға сүрінбей жетіп, қарсыласына жол берген. Осы тұста Батырхан - Гран-при сериясының қорытынды турнирінде 2-орын алып тұрғанын атап өту керек.

    Лос-Анджелес Олимпиадасына нық қадам

    Ұлттық құрама спортшысына күміс жүлдесі үшін 2028 жылғы Олимпиада рейтингінде 60 ұпай қосылады.

    Еске сала кетейік, 20 жастағы қазақ таеквондошысы Париж Олимпиадасына қатысқан, былтыр алғаш рет өткен U21 жас санатындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, Аичи-Нагоя Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

    Батырхан Төлеуғалидың бүгінгі жарыс жолы:
    1/8 айналым:
    Энрике Маркес Родригес Фернандес (Бразилия) - әлем чемпионы (2025 ж), әлем рейтингінің көшбасшысы, Панамерика чемпионы;

    Ширек финал:
    Артём Митарёв (Ресей) - әлем чемпионатының қола жүлдегері (2025 ж)

    Жартылай финал:
    Зураб Кинцурашвили (Грузия) - Универсиада жеңімпазы (2025 ж), Еуропа ойындарының чемпионы (2023 ж), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері;

    Финал:
    Радин Зейнали (Иран) - кадеттер мен U21 әлем чемпионы (2025 ж).

    Ертең Гран-при сериясы финалының шешуші күні даянгқа Азиада жеңімпазы Тамирлан Тілеулес (-58 кг) шығады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары