Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша Казталов және Бөкей ордасы аудандарының білім бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет атқаратын білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.
Өткен жұма күні Казталов ауданының, ал 12 қазан күні Бөкей ордасы ауданының өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңестер барысында лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.







