Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау рәсімінің басталуына дайындық аясында бүгін Жаңақала ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет атқаратын білім беру ұйымдарының өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жумагереев лицензия алу тәртібі мен заңнама талаптарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Түсіндіру жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсіміне дайындауға бағытталған.







