Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Департамент басшысы білім басқармасының алқа отырысында баяндама жасады

    2025 жылғы 30 желтоқсанда департамент басшысы З.Гумарова білім басқармасы алқа отырысында 2025 жылғы бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндама жасады. Есепті жылдың ішінде департаментпен 886 бақылау шарасы өткізілді, оның ішінде білім беруді басқары органдарына қатысты 4 жоспарлы тексеру (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 59-1 бабына сәйкес) және 5 жоспардан тыс тексеру, соның ішінде 1 білім беру бөлімі мен 4 білім беру ұйымы. Сондай-ақ 2025 жылы білім беру мониторингтері және 17 лицензия алу алды бақылаулар жүргізілді. Сонымен қатар, 138 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаумен қамтылды, оның ішінде 48 бала бақша және 90 мектеп. Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 мектеп және 2 бөбекжай бірінші кезектен аттестаталды. Алайда, тестілеу нәтижелері бойынша 2 мектеп белгіленген межелі деңгейге жете алмады. Департамент басшысы баяндамада әдістемелік жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті, өйткені оның сапасы білім ұйымдарының аттестаттау нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Жоспарлы тексерулердің нәтижелері білім беру ұйымдарының жұмысын талдауда жүйелі тәсіл қажет екенін және анықталған мәселелер бойынша уақытылы шара қабылдау маңызды екенін көрсетті.

    30 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша кеңес өтті

    2025 жылдың 8 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің төрағалығымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске қатысқан департамент басшысы З.Гумарова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндады. З.Гумарова өз сөзінде мектептердің материалдық-техникалық базасына, қауіпсіздік шараларына, санитариялық-гигиеналық жағдайына, педагог кадрлармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуына тоқталып, нақты ұсынымдар берді.

    12 тамыз 2025 ж.Тікелей
    Кесте

    Мемлекеттік аттестаттау тізімі

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

    "ALINUR" жеке балабақшасына жүргізілген мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

    Жарияланды:
    Есеп

    Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп

    2026 жылғы 18 маусымда «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында кеңес өткізілді.Іс-шара барысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдағы әдеп нормаларын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде артық әкімшілік кедергілер мен созбалаңдықты болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2026 жылғы 13 сәуірде Орал қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті.Кеңес барысында Әдеп жөніндегі уәкіл С. Жұмагереев лицензия алу тәртібі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың негізгі құқықтары жөнінде түсіндірме берді. 2026 жылғы 17 сәуірде Теректі ауданының мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларымен лицензия алу мәселелері және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтары бойынша кеңес өткізілді. 2026 жылғы 11 маусымда онлайн форматта қосымша білім беру ұйымдары мен білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен балаларға арналған білім беру және сауықтыру ұйымдарының қызметін лицензиялау мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.Іс-шара барысында лицензия беру мемлекеттік қызметінің сапасын арттыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды. 2026 жылғы 1 шілдеде Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жұмагереев және Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А. Оңғарбаева «Время Вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Эфир барысында Департамент өкілдері ведомствоның қызметі, мемлекеттік бақылау шаралары, мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын лицензиялау енгізілетіні туралы түсіндірме берілді. Эфир соңында Департамент мамандары көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

    Жарияланды:
    Есеп

    Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы туралы

    Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы Батыс Қазақстаноблысыныңбілім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 2026 жылдың 12 қаңтарында өткізіліп, №1 хаттамалық шешімге сәйкес жұмыс жоспары бекітілді. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айында мектептердегі педагогикалық әдеп кеңесі жұмысына қашықтан мониторинг жүргізілді.Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары талаптарының іске асырылуы қаралды. Ағымдағы жылдыңнаурыз айында «Орал қаласы білім беру бөлімінің№24 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттікмекемесінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысыныңесебі, маусым айында жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының башылары мен өзге де лауазымды тұлғалардың ҚР «Педагог мәртебесі туралы заңының нормалары мен педагогикалық әдеп ережелерін сақтау туралы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің есебі тыңдалды. Қыркүйек айындаБатыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Бәйтерек аудандық білім беру бөліміне қарасты білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп мәселелері туралы есебі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің «Сұлукөл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің» педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы және әдеп бұзған педагогтердің мәселелері туралы есебі тыңдалды. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түскен өтініштердің дәлелді материалдарының болмауына және уақтылы жолданымды толықтырмауына байланыстыҚазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 70-бабына сәйкес тоқтатылды. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 6-бабы талаптарының сақталуын қаматамасыз ету қызметі бойынша мәлімет Батыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілер тарапынан педагогтерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз еткен. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмеген. Педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етпеген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізбеген. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді деген талап бойынша Департаментке 1 ғана арыз түсті. Орал қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогінен мектеп басшылығы мектеп формасын алуды талап етті деген арызы, тексеріс барысында анықталмады. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмеген.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың ІІІ-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

    Батыс Қазақтан облыының білім саласында сапаны қамтамасыз етудепартаментімен 2026жылдың 3-тоқсаны қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі 2026 жылдың 3- тоқсанында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілген қызметі аясында электрондық лицензиялаудың мемлекеттік деректер қорының «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы лицензия және лицензияға қосымша алуға 15 өтініш келіп түсті. Жалпы қаралған 15 өтініштің 13- қанағаттандырылса, 2-не дәлелді бас тартылды, 12 лицензия (2 мектеп, 10 білім беру-сауықтыру орталығы) және 1 лицензияға қосымша берілді. 1 лицензия мен лицензия қосымшасы қайта рәсімделді. 2026 жылдың 3- тоқсанында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметіне түскен өтініштер саны-121, оның ішінде 93-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы болса, е-gov Электрондық үкімет порталы арқылы-28. 90 құжат апостилдеуден өткізілсе, 31-нан дәлелді бас тарту болды.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

    "Inayat" жеке балабақшасына жүргізілген мемлекеттік аттестаттау нәтижелері

    Жарияланды: