30 қазанда Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.
Іс-шара онлайн-семинар форматында өткізіліп, оған орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ облыстық әдістемелік орталықтың өкілдері қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, білім беру ұйымдарының қызметін бағалау талаптары, қажетті құжаттарды дайындау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







