Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. С. Ибрашевтың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оларды ұсынудың белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтау, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







