2026 жылдың 29 қазанында2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен Медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының кеңесі өтті.
Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы медициналық көмекті ұйымдастыру және оның сапасын бақылау мәселелері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызмет нәтижелері қаралды.
Жедел ден қою шараларын (ЖДШ) қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бақылау субъектілерінің берілген нұсқамаларды орындауына талдау жүргізу қажеттігі атап өтілді. Талдау қорытындысы бойынша тиісті жоспардан тыс тексерулер тағайындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бақылау іс-шараларын жүргізу қамтамасыз етіледі.
Мұндай кеңестерге қатысу бақылау қызметінің тиімділігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.







