
2026 жылдың 9 айында Алматы облысы бойынша 541 өтініш тіркелді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (353 өтініш) 188 өтінішке немесе 53,3%-ға көп.
Тексерулер жүргізіле отырып 77 өтініш қаралды, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 72 өтінішті құраған. Тіркелген бақылау іс-шараларының жалпы саны 87, оның ішінде бару арқылы жүргізілген 10 профилактикалық бақылау және 77 жоспардан тыс тексеру. 2025 жылы 77 бақылау іс-шарасы өткізілген, оның ішінде 1 профилактикалық бақылау және 76 жоспардан тыс тексеру.
Жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге 242 тәуелсіз сарапшы тартылды.
Тексерулер жүргізіле отырып қаралған өтініштердің нәтижелері бойынша:
-негізді – 27 (35,1%);
-ішінара негізді – 29 (37,7%);
-негізсіз – 21 (27,3%).
Шағымдардың бейіндер бойынша құрылымы:
-терапиялық бейін – 15 (19,5%);
-хирургиялық бейін – 1 (1,3%);
-педиатриялық бейін – 4 (5,2%);
-акушерлік-гинекологиялық бейін – 5 (6,5%);
-стоматологиялық бейін – 5 (6,5%);
-инфекциялық бейін – 6 (7,8%);
-өзге де – 41 (53,2%).
Шағымдардың жүгіну себептері бойынша құрылымы:
-сапасыз емдеу және тексеруге қатысты – 38 (49,4%);
-ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты – 8 (10,4%);
-еңбекке жарамсыздық парағын берудің негізділігі бойынша тексеру жүргізіле отырып қаралған өтініштер тіркелмеген;
-өзге себептер – 31 (40,3%).
2025 жылмен салыстырғанда сапасыз емдеу және тексеруге қатысты шағымдар саны 33-тен 38-ге, ал ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты шағымдар саны 1-ден 8-ге дейін өсті. Бұл ретте өзге себептердің үлесі 48,6%-дан 40,3%-ға дейін төмендеді.
Медициналық қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 388 580 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 34 хаттама жасалды:
-ҚРӘРПК-ның80-бабының 2-1-бөлігі бойынша – 486 562,5 теңге сомасына 14 хаттама;
-ҚР ӘРПК-ның 82-бабының 1-бөлігі бойынша – 9 830 теңге сомасына 1 хаттама;
-ҚР ӘРПК-ның 230-бабы бойынша – 692 000 теңге сомасына 2 хаттама;
-ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 1-бөлігі бойынша – 854 187,5 теңге сомасына 15 хаттама;
-ҚР ӘРПК-ның 424-бабының 2-бөлігі бойынша – 21 625 теңге сомасына 1 хаттама;
-ҚР ӘРПК-ның 464-бабының 1-бөлігі бойынша – 324 375 теңге сомасына 1 хаттама.
Құқық қорғау және сот органдарына 46 материал жолданды, бұл 2025 жылдың 9 айымен салыстырғанда (38 материал) 8 материалға немесе 21,1%-ға көп. Оның ішінде 44 материал – ішкі істер органдарына, 1 материал – экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес органдарына, 1 материал – сот органдарына жолданды.
Шаралар қабылдау үшін барлығы 89 ақпарат жолданды: оның ішінде 43-і – Денсаулық сақтау басқармасына, 46-сы – құқық қорғау және сот органдарына.
2025 жылдың сәйкес кезеңінде барлығы 83 ақпарат жолданған, оның ішінде 46-сы – Денсаулық сақтау басқармасына, 37-сі – құқық қорғау және сот органдарына.









