Алматы облысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша онлайн-жиналыс өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 11 қарашада Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған онлайн-жиналыс өтті.

    Жиынға Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ), сондай-ақ өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, медициналық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ «Қалқан» цифрлық жүйесінің мақсаты, функционалдық мүмкіндіктері және оны пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар және оларға қосымшаларды рәсімдеу, лицензиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

    Жиынның негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау және қолданыстағы талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Мұндай кездесулер сала мамандары арасындағы өзара байланысты нығайтып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары