Бүгін Сырым ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының өкілдерімен кезекті онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жумагереев лицензиялауға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл бағыттағы жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарды алдағы лицензиялау рәсіміне кезең-кезеңімен дайындау аясында жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







