Баспасөз релизі

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманова А.Б.-ның төрағалығымен 2026 жылғы 05 қазанда «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Буланды ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік тиімділік аудиті» алдағы аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

    Оның жұмысына Тексеру комиссиясының аппарат басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Саусканов Е.Ж., мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы Кадырбеков Р.А., құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Досанов Е.М., сондай-ақ мемлекеттік аудит тобы қатысты.

    Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманова А.Б. мемлекеттік аудит тобына қатысушылардың аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, әдеп нормаларын сақтауы бойынша түсіндірмелер берді. Сондай-ақ аудит бағдарламасының және аудит нәтижелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсету мәселелері қаралып, талқыланды.

    Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Саусканов Е.Ж. мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

    Мемлекеттік аудит объектілеріне шыққанға дейін мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына мемлекеттік аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары