Педагогтердің кәсіби мерекесіне орай прокуратура олардың қоғам дамуына қосқан үлесін атап өтті және құқықтарын қорғады

    Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарымен білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.

    Педагогтердің қызметі білім беру үдерісінде ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпақтың құқықтық санасын, жауапты мінез-құлқын және заңға деген құрметін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

    Ұстаздар күнін мерекелеу аясында облыс прокурорының атынан балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге елеулі үлес қосқан педагогтерге алғыс хаттар табысталды.

    Бұдан бөлек, білім беру саласы қызметкерлерінің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды.

    Атап айтқанда, жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарының 1 143 қызметкерінің іссапар шығындарын алу, еңбек шарттарын заңнама талаптарына сәйкестендіру, сондай-ақ оқу жүктемесін бөлу кезінде тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында құқықтары қорғалды.

    Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған 64 педагогтің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам тиесілі өтемақы төленді.

    Заңдылықты қамтамасыз ету, педагогтердің құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары