Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен Шортанды ауданы әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді.

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен Шортанды ауданы әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді.

    Іс-шараның негізгі тақырыбы салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, сондай-ақ облыстың Даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит шеңберінде анықталған жиі кездесетін бұзушылықтар болды.

    Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары, сондай-ақ Шортанды ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшылары мен бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

    Кездесу барысында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ бюджетті атқару процесінде жиі кездесетін типтік қателер негізгі талқылау тақырыптарына айналды. Қатысушылар бюджет заңнамасының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы нормаларды сақтамау жағдайларын егжей-тегжейлі қарастырды. Заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды: кездесуге қатысушыларға күші жойылған Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі ұсынылып, жаңа нормативтік құқықтық актілердің ережелері түсіндірілді.

    Ұйымдастырушылар жоспарлау сапасын арттыру, бюджеттік міндеттемелерді уақтылы орындау және бюджет қаражатын пайдалану кезінде ашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға мемлекеттік аудиторлар толық жауаптар мен түсіндірмелер берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары