Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері кәсіби шеберлігі мен төзімділігін сынап, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, 25-қабатқа жылдам көтерілу нормативін орындады.
Жарысқа облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінен газ-түтіннен қорғау қызметінің 13 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақтау қаласындағы ТЖБ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мұнайлы ауданының ТЖБ № 12 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, үшінші орынды М аңғыстау ауданының ТЖБ № 8 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.
Жарыстың мақсаты - үздіктерді анықтап қана қоймай, газ-түтіннен қорғау қызметінің беделін арттыру, жеке құрамның тұрақты жаттығуға деген ынтасын нығайту және түтін басқан, оттегі жетіспейтін ортада міндеттерді орындауға қажетті кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Маңғыстау облысының ТЖД









