Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 29 қарашада өтетін сайлау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 267 сайлау учаскесін тексеріп, кезекшілікке 202 қызметкерін бекітті.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті сайлау кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізді.Сайлау күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің 202 қызметкері сайлау учаскелерінде кезекшілік атқарады. Қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылау, қызметтік тәртіпті сақтау және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету тапсырылды.Департамент сайлау кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.
Басты мақсат – сайлаудың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау!
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









