Кедергісіз орта – құқық емес, міндет: заңда не айтылған?

    2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады.
    Осы сәттен бастап кедергісіз ортаны құру - ұсыным емес, мемлекеттің міндеттемесі.

    департамент қызметінің бағыттарының бірі ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

    Мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылау және жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың құқықтарын бұзудың нақты фактілері бойынша өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулер түрінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы;
    2) инфрақұрылым нысандарына, көлікке, ойын-сауық мәдени-көпшілік және спорттық ғимараттарға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

    3) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.

    2026 жылдың тоғыз айында Департамент тарапынан 79 тексеру іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде: Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде 65 тексеру тіркелді, сондай-ақ прокуратура органдарымен бірлесіп 14 тексеру жүргізілді.
    Тексеру нәтижелері бойынша 150 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
    - 127 бұзушылық – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша;
    - 13 бұзушылық – әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету кезінде;
    - 10 бұзушылық – арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі заңнама талаптарын бұзу.
    Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар тарапынан бұзушылықтарды жою туралы 35 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 8 148 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Құрметті Астана тұрғындары, естеріңізге саламыз, нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етпеу мәселелері бойынша құқықтардың бұзылуының кез келген фактілері бойынша Сіз біздің Департаментке нысандардың растайтын фото немесе видео материалдарын қоса бере отырып жүгіне аласыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары