2026 жылғы 14 қазанда Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпыаудандық ата-аналар жиналысы онлайн форматта өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау, цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық, кибербуллингтің алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Бір оқушы – бір ваучер» жобасы бойынша ата-аналарға түсіндірме берілді.
Жиналысқа Нұра ауданының білім беру ұйымдарының өкілдерімен қатар, полиция, денсаулық сақтау, қосымша білім беру ұйымдары және төтенше жағдайлар саласының мамандары қатысты. Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Баланың жан-жақты дамуы мен амандығы үшін отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет етуі қажет.
Бала тәрбиесі – бір күннің немесе бір мекеменің жұмысы емес. Бұл – күнделікті назарды, мейірімділікті, түсіністікті және бірлескен әрекетті қажет ететін маңызды міндет. Әрбір бала – жеке тұлға. Оның бойындағы қабілетті ашу, сенімін нығайту, дұрыс бағыт беру және болашағына жол ашу – бәрімізге ортақ міндет.
#НұраАуданы
#БалаҚауіпсіздігі
#АтаАнаЖауапкершілігі
#МектепПенОтбасы
#БілімБөлімі









