📚 *ҰБТ бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді*

    1 / 7

    Нұра ауданы білім беру ұйымдарында бітіруші сынып оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық және оны өткізу тәртібі бойынша Нұра ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Күн тәртібінде:
    - ҰБТ өткізу ережелері мен форматы;
    - Тестілеуге тіркелу тәртібі;
    - Пәндерді таңдау ерекшеліктері;
    - Тестілеу кезіндегі уақытты тиімді пайдалану;
    - Академиялық адалдық талаптары;
    - Тестілеу нәтижелері мен апелляция тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар оқушыларға ҰБТ-ға жүйелі дайындалудың, уақытты дұрыс жоспарлаудың және өз білімдеріне сенімді болудың маңыздылығы айтылды.

    🎯 *Басты мақсат – түлектерге ҰБТ-ға дайындық барысында бағыт-бағдар беріп, ақпараттық қолдау көрсету және жауапкершілігін арттыру.*

    Барлық түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және таңдаған мамандықтарына түсуге тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары