Нұра ауданының бишілері – облыстық байқау жеңімпаздары!

    1 / 6

    2026 жылғы 21–22 қараша күндері Қарағанды қаласындағы №2 балалар өнер мектебінің концерт залында «Би әлемі» V облыстық хореографиялық және цирк өнері байқауы өтті.

    Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби әлеуетін қолдау және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

    Аталған байқауда Нұра ауданы Балалар шығармашылық мектебінің бишілер тобы: Кайратова Найля ,Боташ Жанбота, Кенесова Гульден,Кайратова Жанна,Сәбитова Назерке,Жунусбекова Асылжан, Кашкинбаева Салидат,Тоқтар Диляра, Мусина Айсулу, Тасболат Жанерке, Тасболат Акерке, Даптар Наз, Ташева Аяна, Куандыкава Акбота, Даулет Сабина жаңа би бағдарламаларын ұсынып, сахнада жоғары дайындық деңгейін, орындаушылық шеберлігін және шығармашылық ізденісін көрсетті.

    Қазылар алқасының бағалауы бойынша ауданымыздың жас бишілер тобы өз жас санаттарында жүлделі орындарға ие болып, II және III орындарды иеленді. Байқау нәтижесінде бишілер лауреат атанып, дипломдармен және арнайы кубоктармен марапатталды.

    Бұл жетістік – жас бишілердің табанды еңбегі, жүйелі дайындығы мен жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің жемісі. Өнер додасында аудан намысын абыроймен қорғаған жас таланттарымызды және олардың жетекшілеріХасимхан Нұрқұландышын жүректен құттықтаймыз!

    Жас өнерпаздарымыздың шығармашылық жолы жарқын жетістіктерге толы болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары