Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының аудандық форумы өтті!
2026 жылғы 11 қарашада Нұра ауданында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының «ЖАС КӨШБАСШЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!» атты аудандық форумы ұйымдастырылды.
Форум дәстүрлі конференция форматында емес, оқушылардың белсенді әрекетіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, өзара пікір алмасуына және нақты жобалар әзірлеуіне бағытталған форум-фестиваль форматында өтті.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, бастамашылдығын қолдау, көшбасшылық әлеуетін дамыту және мектеп өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге оқушылардың өздерін тарту.
Форум жұмысы төрт негізгі алаңда ұйымдастырылды:
1. «Білік. Дағды. Тәжірибе» – көшбасшылар мінбері. Оқушылар «Мен мектебімде қандай өзгеріс жасадым?» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, көшбасшылық бастамалары туралы ой қозғады.
2. «Экологиялық Start Up жобалар» – идеялар зертханасы. Мектеп командалары қоршаған ортаны қорғауға, мектеп кеңістігін жақсартуға бағытталған экологиялық жобаларын ұсынып, өз идеяларын қорғады.
3. «Көшбасшылықты дамыту. Стратегиялар мен құралдар». Қатысушылар буллингтің алдын алу, оқушы құқығын қорғау, мектеп тәртібі, волонтерлік қызмет және оқушы үнін ескеру мәселелерін талқылады.
4. «Көшбасшылар сайысы». Командалар түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындап, бірлесіп шешім қабылдау, жылдам ойлау және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Форум барысында әрбір қатысушы өз ойын еркін жеткізіп, тың идеялар ұсынып, аудандық деңгейдегі оқушылар бастамаларына үлес қосуға мүмкіндік алды.
Форум қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын
·Қарақойын ЖББМ – «Ұлы көшбасшылар» командасы;
·Ахмет Байтұрсынұлы тірек мектебі – «Бірлік» командасы.
ІІ орын
·Қарой ЖББМ – «Жалын» командасы;
·Байтуған ЖББМ – «Шабыт» командасы;
·Қ.Шайменов ЖББМ – «Алаш» командасы.
ІІІ орын
·М.Дулатұлы ЖББМ – «Арай» командасы;
·Р.Қошқарбаев ЖББМ – «Мыслители» командасы;
·Абдолла Асылбеков атындағы ЖББМ – «Ветроэнергетика» командасы.
Барлық қатысушы командаларға белсенділіктері мен тың бастамалары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Нағыз көшбасшы – тек бастамашыл тұлға ғана емес, ол өзгелерді ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамға пайдалы өзгеріс жасай алатын азамат.
Жас көшбасшылардың бүгінгі идеялары – ертеңгі жарқын болашақтың бастауы!
#ЖасКөшбасшы #ЖарқынБолашақ #ӨзінӨзіБасқару #НұраАуданы #ОқушыларКөшбасшылығы #ЖастарБастамасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









