І тоқсан қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әдістемелік жиын өткізілді

    1 / 3

    Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ассоциацияларының жетекшілерімен Zoom платформасы арқылы әдістемелік жиын өткізілді.

    Жиын барысында 2026–2027 оқу жылының І тоқсан қорытындысы қарастырылып, білім беру сапасын арттыру, пәндерді оқытудағы өзекті мәселелер, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және олимпиадалық резервпен жұмыс жүргізу бағыттары талқыланды.

    Сонымен қатар, І тоқсандағы білім сапасының көрсеткіштеріне талдау жасалып, пәндік ассоциациялардың жұмысын үйлестіру, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен әдістемелік іс-шаралар жоспары қарастырылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған басым міндеттер айқындалып, ІІ тоқсанда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары