30 қазан күні Нұра ауданының математика мұғалімдері облыстық күзгі мектеп аясында ұйымдастырылған "Пәндік құзыреттілікті арттыру және нәтижеге жету әдістері" тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.
Біздің педагогтар оқытудың тиімді әдістері мен заманауи тәсілдерімен бөлісе отырып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін шеберлікпен танытты.
Педагогтарымыз келесі тақырыпта шеберлік сыныптар көрсетті:
🎓 Нұра ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Дария Сейтказиевна - "Тригонометриялық түрлендірулер";
🎓 Қ.Шайменов атындағы ЖББМ математика пәні мұғалімі Фаррахова Жумагуль Мукановна - "Тригонометриялық түрлендірулер";
🎓 Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) математика пәні мұғалімі Айткожина Айнур Махметовна - "Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер. Қос теңсіздік";
🎓 Қ.Шайменов атындағы ЖББМ математика пәні мұғалімі Майкотова Даниля Аймагамбетовна - "Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер. Қос теңсіздік";
🎓 Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) математика пәні мұғалімі Искакова Салтанат Досболовна - "Туынды және интеграл, олардың қолданылуы. Дифференциалдық теңдеулер".
Ауданымыздың математика пәні мұғалімдерінің осындай маңызды кәсіби алаңда өз тәжірибелерімен бөлісуі – ұстаздар қауымының үздіксіз ізденісі мен кәсіби дамуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Әрбір шеберлік сыныбы мазмұнды тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған нәтижелі жұмыстарымен ерекшеленді.
👏 Әріптестерімізге кәсіби шеберліктері, белсенділіктері мен тәжірибелерін ортаға салғаны үшін алғыс білдіреміз!
Білім жолындағы ізденістеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!
Бірлескен тәжірибе – ортақ даму, кәсіби ізденіс – сапалы білімнің кепілі! 🌷
"Пәндік құзыреттілікті арттыру және нәтижеге жету әдістері"
1 / 16
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары

І тоқсан қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әдістемелік жиын өткізілді
Нұра ауданының білім бөліміАшу
🏆 «АЛТЫН ТҰҒЫР» – БІЛІМ МЕН БІЛІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ!
Нұра ауданының білім бөліміАшу
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Нұра ауданының білім бөліміАшу
🎨 ӨНЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ!
Нұра ауданының білім бөліміАшу
📚 «Тағылымға толы Ыбырай мұрасы» аудандық байқауының қорытындысы
Нұра ауданының білім бөліміАшу