Қайып Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектептің аға тәлімгері Шашито Татьяна Сергеевнаны республикалық «Тәлімгер – балалық шақ көшбасшысы» байқауында «Тәлімгер – көшбасшы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Бұл марапат – кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестің айқын көрінісі.
Алдағы уақытта да еңбегіңіз жемісті болып, жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз! Еңбегіңіз әрдайым бағаланып, абыройыңыз асқақтай берсін!
💐 Жеңісіңіз құтты болсын! Жаңа жетістіктеріңіз көп болсын!








