Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, санитарлық жабдығы бар орындық-кресло мүгедектігі бар бірінші топтағы адамдарға жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес беріледі.
Санитарлық жабдығы бар орындық-кресломен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдерге мынадай аурулар мен бұзылыстар жатады:
* Жүру және тұру функцияларының айқын бұзылуына әкеп соғатын аурулар, жарақаттардың салдары, даму аномалиялары, оның ішінде омыртқа, жамбас және төменгі аяқ-қол аурулары;
* Гемиплегия, айқын немесе едәуір айқын тетрапарез, трипарез, төменгі параплегия, төменгі парапарез;
* Айқын немесе едәуір айқын вестибуло-мишықтық, амиостатикалық, гиперкинетикалық бұзылыстар;
* Едәуір айқын атаксия;
* Екі санның немесе екі сирақтың ампутациясынан кейінгі тұқылдар;
* Созылмалы артериялық жеткіліксіздіктің III дәрежесімен, веноздық жеткіліксіздіктің III дәрежесімен қатар жүретін жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
* Тыныс алу жеткіліксіздігінің III дәрежесімен қатар жүретін тыныс алу ағзаларының аурулары;
* Бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуымен, портальды гипертензиямен және асцитпен қатар жүретін бауыр аурулары;
* Ауыр немесе терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен, деменциямен қатар жүретін психикалық бұзылыстар.
Саулеева Фарида Сұлтанбековна
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің № 2 маманы.








