Мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында нысанды тексеру кезінде мынадай негізгі бағыттарға назар аударылады:
♿ 1. Нысанға кіріп-шығу мүмкіндігі
Кіреберіс жолдар, пандустар, тұтқалар, есіктер мен табалдырықтардың қолжетімділігі.
🚶 2. Ғимарат ішінде еркін қозғалу
Дәліздердің, өткелдердің, баспалдақтардың, лифт пен көтергіш құрылғылардың қолайлылығы.
🅿️ 3. Іргелес аумақ пен тұрақ орындары
Ғимаратқа апаратын жолдардың, тротуарлардың және мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарының қолжетімділігі.
🚻 4. Санитариялық бөлмелер
Арнайы жабдықталған санитариялық кабиналардың, тұтқалардың және қажетті құрылғылардың болуы.
🔎 5. Ақпараттық және навигациялық құралдар
Ақпараттық тақтайшалар, бағыттаушы белгілер, тактильді көрсеткіштер, Брайль жазуы және дыбыстық хабарлау құралдарының қолжетімділігі.
🤝 6. Қызметтерді кедергісіз пайдалану
Мүгедектігі бар адамдардың ғимаратқа өз бетінше кіріп, қажетті қызметтерді қауіпсіз әрі кедергісіз алу мүмкіндігі.
Тексерудің мақсаты – нысанның қолжетімділік талаптарына сәйкестігін бағалау. Сәйкессіздіктер анықталса, оларды жою қажет. Белгіленген талаптар орындалған жағдайда сәйкестік туралы декларация келісіледі.
Қолжетімді орта – әр адамның құқығы мен еркін қозғалысының кепілі!









