Арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету

    2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдері №2 қосымшада көзделген.

    Медициналық көрсетілімдерге сәйкес кресло-арбалардың 7 түрі қарастырылған. Осы ретте қолмен басқарылатын базалық бөлмелік/серуендеу кресло-арбасына тоқталайық.

    Қолмен басқарылатын базалық бөлмелік/серуендеу кресло-арбасымен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер:

    Жүру қабілетінің ауыр немесе абсолютті бұзылыстарының болуы:

    1. қанайналым жеткіліксіздігінің III дәрежесі;
    2. өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің III дәрежесі (тек бөлмелік кресло-арбаға);
    3. гемиплегия, айқын немесе күрт айқындалған гемипарез, айқын гемипарез;
    4. айқын гемипарез (тек серуендеу кресло-арбасына);
    5. параплегия, айқын төменгі парапарез;
    6. триплегия, айқын трипарез;
    7. тетраплегия, айқын тетрапарез;
    8. күрт айқындалған атаксия, гиперкинетикалық-амиостатикалық синдром;
    9. екі балтырдың немесе одан жоғары деңгейдегі ампутациядан кейінгі культялар;
    10. төменгі аяқ-қол буындары функциясының IV дәрежедегі бұзылыстары;
    11. қозғалу функциясының күрт айқындалған бұзылуымен қатар жүретін төменгі аяқ-қолдардың туа біткен даму аномалиялары;
    12. паркинсонизмнің акинетикалық-регидті түрі.

    Қолмен басқарылатын базалық бөлмелік/серуендеу кресло-арбасымен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер:

    * отыру жағдайында патологиялық процестің үдеуіне әкелетін аурулар мен жарақаттардың салдары;
    * сана, бағдарлану, интеллектуалдық функциялар немесе мотивация функциясының абсолютті бұзылыстарының болуы;
    * екі қолдың да пайдалану функцияларының ауыр немесе абсолютті бұзылыстары;
    * көру мүшесі функциясының абсолютті бұзылыстары: коррекциямен жалғыз немесе жақсы көретін көздің көру өткірлігінің 0–0,03 болуы және/немесе көру өрісінің концентрлік түрде 10 градусқа дейін тарылуы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары