Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
«Диапазон» газетінде «55 жасқа толмай зауыттан жұмыстан шықса, зиянды еңбек жағдайлары үшін төлем алуға құқығы бар ма?» атты мақала жарияланды.
Мақалада зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген азаматтардың арнайы әлеуметтік төлем алу құқығы түсіндіріледі. Атап айтқанда, арнайы әлеуметтік төлемді тағайындау заңнамада белгіленген талаптардың сақталуына, оның ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуіне және жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуына байланысты екені көрсетілген.









