Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 7
2026 жылғы 28 қазанда Департаментте Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарды қабылдау, олардың өтініштері мен сұрақтарын қарау, медициналық-әлеуметтік сараптама және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ашық есік күні барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Департамент азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
#АшықЕсікКүні #ӘлеуметтікҚорғау #Ақтөбе #МӘС









