2026 жылғы 28 қазанда құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында, Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің филиалы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Акция аясында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының адвокаттық және нотариаттық қызмет бағыттарына қатысты өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Мұндай бастамалар қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Заңды сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық үстемдігін қамтамасыз ету — «Заң және тәртіп» қағидатының маңызды құрамдас бөліктері.









