2026 жылғы 23 қазанда Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиалы Еңбекшіқазақ ауданының Әділет партиясы алаңында Ашық есік күні акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, азаматтарға заңнама талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғау тәртібі жөнінде кеңестер ұсынылды.
Аталған іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.









