2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өткізілді.

    2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өткізілді.

    «Заң мен тәртіп» – қазіргі таңда ең жоғарғы конституциялық деңгейде бекітілген мемлекетіміздің негізгі қағидаттары. Президентіміз үнемі айтатындай, нағыз патриот ол - бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғаны атап өтілді, ал ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестірумен айналысады.

    Жиында «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдамадағы іс-шаралардың орындалу барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қаралды.

    Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді моделіне көшу, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігіне жоғары қауіп төндіретін адамдарды бақылаудың бірыңғай ведомствоаралық тетігін құру қажеттігін атап өтті. Қабылданатын шаралар қылмыстың алдын алуға бағытталуы тиіс.

    https://www.instagram.com/reel/De_rBmtNQv4/?dlrf=anc2Z3BnMzJkeTh6

    https://www.instagram.com/p/De_9x8yNus-/?exln=bjljZGM2bWRwaWg5

    https://www.instagram.com/p/De_q-pUDCE9/?xtok=MXJrZDczYXk3NGU0Yg==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті" жаңалықтары