«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиалы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер беру.
Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, сот актілерін орындау тәртібі, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қойылған шектеулерді алып тастау, сондай-ақ әділет органдарының қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Кеңес беру барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында одан әрі жасалуы тиіс әрекеттердің тәртібі түсіндірілді.
«Заң және тәртіп» – әрбір азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізі.









