Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 5
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аудандық кезеңі өтті
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен педагогтердің озық тәжірибесін танытуға, шығармашылық ізденісін қолдауға және тиімді оқыту тәсілдерін таратуға бағытталған «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Қатысушылар білім беру үдерісін жетілдіруге арналған идеялары мен әдістемелік тәжірибелерін ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Оқушының қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және білім сапасын көтеру жолындағы ұстаздардың ізденістері байқаудың мазмұнын айқындады.
Мұндай шығармашылық алаң педагогтердің тәжірибе алмасуына, жаңа бастамалардың таралуына және кәсіби дамуына ықпал етеді.
Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, тың идеялар және толағай табыс тілейміз! 









