Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға дайындық мәселелері бойынша онлайн ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Салтанат Мырзабекқызы Мырзабекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Мектепке дейінгі ұйым басшыларына лицензиялауға дайындық жұмыстарын белгіленген әрекет алгоритміне сәйкес жүйелі жүргізу тапсырылды.









