Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІСІ
2026 жылғы 20 қараша күні Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект – бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік көмекшісі» тақырыбында «Шеберлік пен тәжірибе» алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын таныстыру, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқу-тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды қолдануға бағыт беру.
Тәжірибе алаңында:
Педагогтер бастауыш сыныпта қолдануға тиімді жасанды интеллект құралдарына тоқталып, оларды сабақтарында қандай мақсатта және қалай пайдаланып жүргенін таныстырды. Интерактивті тақта арқылы нақты мысалдар көрсетіп, ЖИ құралдарын оқу үдерісіне енгізудің практикалық тәсілдерін түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









