«ҮЗДІК ПСИХОЛОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

    1 / 3
    «ҮЗДІК ПСИХОЛОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
    2026 жылғы 20 қарашада Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік психолог» байқауының аудандық кезеңі өтті.
    Байқау педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға, шығармашылық әлеуетін ашуға және практикалық психология қызметін дамытуға бағытталды.
    Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарынан түскен өтінімдер мен ұсынылған жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпазды анықтады.
    🥇 «Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ-нің педагог-психологі Б. Асаубаева аудандық кезеңнің жеңімпазы атанып, жұмысы облыстық кезеңге жолданды!
    💐 Жеңімпазды құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Барша әріптестерімізге кәсіби ізденіс, шығармашылық табыс және еңбектеріне жеміс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары