Сіздерді 29 қазан – Қамқоршылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қамқорлық – жүректің жылуы мен адамгершіліктің асыл көрінісі. Өзгенің тағдырына бейжай қарамай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірім мен сүйіспеншілік сыйлап, олардың болашағына жол ашып жүрген Сіздердің еңбектеріңіз – зор құрметке лайық.
Балаға отбасының жылуын сезіндіру, оның бойына сенім ұялатып, өмірге деген құлшынысын арттыру – үлкен жүрек пен шынайы жанашырлықты талап ететін жауапты міндет. Сіздер осы игі жолда балаларға тірек болып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына, сапалы білім алып, саналы азамат болып өсуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Сіздердің мейірімдеріңіз бен жанашырлықтарыңыз әр баланың жүрегіне үміт ұялатып, жарқын болашаққа деген сенімін нығайта берсін!
Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Атқарып жүрген ізгі істеріңіз жемісті болып, қамқорлығыңызға бөленген әрбір баланың қуанышы мен жетістігі Сіздерге сарқылмас бақыт сыйласын!
Балаға берілген мейірім – болашаққа берілген үміт!
Құрметпен,
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі басшысы
С. Дауытбаева








