Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті!

    1 / 2
    ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: МЕКТЕП–АТА-АНА–ҚОҒАМ СЕРІКТЕСТІГІ
    📍 Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті!
    2026 жылғы 21 қазанда «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп: мектеп–ата-ана–қоғам серіктестігі» тақырыбында аудандық форум өтті.
    🎯 Форумның негізгі мақсаты – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жас ұрпақтың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ықпал ету.
    Форумға Тарбағатай ауданының прокуроры Смиев Алмас Сәбитұлы, аудан мектептерінің директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
    🔹 Форум «Заң және тәртіп» тақырыбындағы тәрбиелік қойылыммен басталып, пленарлық отырыста бала қауіпсіздігі, ата-ананың жауапкершілігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету және отбасындағы ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен талқыланды.
    🔹 Сонымен қатар қатысушылар мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыруға бағытталған тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
    Форум барысында «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік» қағидасына ерекше назар аударылып, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
    ✅ Заңға құрмет – отбасынан, тәртіп – тәрбиеден басталады!
    Осындай мазмұнды кездесулер бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті күшейтіп, мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары