СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

    1 / 4

    СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

    Сәтбаев қаласында қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» атты қалалық форум ұйымдастырылды.

    Ауқымды шараға қаланың білім беру ұйымдарынан 600-ге жуық 9–11-сынып оқушысы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

    Форум барысында Ұлытау облысы прокурорының аға көмекшісі Шырын Қанаятова, Сәтбаев қаласы прокурорының орынбасары Мейіржан Тельманов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Амангелді Құрақбай және Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің өкілдері сөз сөйлеп, заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

    Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланып, әрбір азаматтың заңға құрметпен қарауы – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың басты алғышарты екені атап өтілді.

    Форум аясында қатысушыларға арналған үгіт-насихат тобының қойылымы ұсынылып, құқықтық тақырыптағы Kahoot интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Интерактивті ойын арқылы оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін сынап, заң мен тәртіпке қатысты маңызды мәліметтерді меңгерді.

    Сонымен қатар, шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

    Заңға құрмет – әділетті қоғамның негізі, ал тәртіп пен жауапкершілік – қауіпсіз болашақтың кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары