Ұлытаулық боксшылар U19 әлем чемпионатында күміс пен қола жүлде еншіледі
Қазан айының 16-27 күндері Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан U19 әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 68 елден 474 боксшы қатысып, 20 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Халықаралық деңгейде өткен дүбірлі додада Ұлытау облысының былғары қолғап шеберлері жоғары нәтиже көрсетті. Қос спортшының абыройы асқақтап күміс пен қола медаль иеленді.
Жаңаарқа ауданында дүниеге келген боксшы Владислав Саможонов 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Салмағы 90 келіден жоғары Владислав ақтық сында өзбекстандық Ислам Салиховқа есе жіберіп, екінші орын иеленді.
Ұлытау облысының жас боксшысы Индира Қыдырмолдаева 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 60 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы Индира 1/2 финалдық кезеңде Қытай спортшысы Шаша Вангпен кездесіп, 1:3 есебімен жол берді.
Бұған дейін олбарлық 3 раундта да айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Венесуэла өкілі Едмар Мунозды 5:0 есебімен жеңді.
Осы әлем чемпионатындаҚазақстанның U19 жастар құрамасы жалпы командалық есепте 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медальды қоржынға салды.






