Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті БИН 050340005416, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі 69, электрондық мекенжайы: [email protected] тел: 8 (7242) 70-03-26 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға іріктеу жариялайды.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесінің 1 (бір) бірлік Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы лауазымына.
Персоналдың санаты - C-SVO-8, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (арнайы атағын қоспағанда) 252 961 мыңға дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Өз құқықтары шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
Басшылардың заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
Өз жұмысын жоспарлауға;
Жоғары тұрған және мүдделі мемлекеттік органдарға қажетті есептерді ұсынуға;
Талдау, ақпараттық, анықтамалық және басқа да материалдарды дайындауға;
Заңмен көзделген тәртiп пен мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға;
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шеңберінде техниканы, өрт-техникалық құтқару жабдықтары мен жабдықтарын, заттай мүлікті, басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу;
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындаушыларды таңдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді бақылау;
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін қарау және келісу;
Департаментің автокөлік құралдарына бақылауды қамтамасыз ету, Департаментте негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды сақтау және беру тәртібінің сақталуын, есепке алуды жүргізудің дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
Департаментің қызметтік үй-жайларын жиһазбен, мүкәммалмен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ Департаментің теңгеріміндегі автокөлікті, жабдықтар мен мүкәммалды пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету;
Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуды, қабылдауды және беруді бақылау.
Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеу
Қызметтік және еңбек тәртiбiн, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауға;
Мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
Өз құзыреті шегінде қойылған міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өзге де міндеттер белгіленеді.
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:
Жасы – 35 жастан аспаған. Жоғары білімі бар (Бухгалтерлік есеп және аудит, Құқықтану, Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару,Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Құқық қорғау қызметі, Құрылыс, Сәулет және құрылыс, Өрт қауіпсіздігі, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және бизнес, Автоматтандыру және басқару, Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру, Өнеркәсіптік экологиялық және өрт қауіпсіздігі, Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Математика және статистика, Техникалық, кәсіптік мамандықтаржәне орта білімнен кейінгі білім: Есеп және аудит, Құқықтану, Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану,Сәулет, Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару), әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
«Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына сәйкес екінші бағдарлама бойынша тест қорытындысы болуы тиіс.
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:
- Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
- мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау.
Конкурс «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы бойынша өтеді.
Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
3) егер кандидат жүргізушілер лауазымына үміткер болса, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) немесе «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
8) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
9) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
11) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
12) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Дұрыс емес ақпарат пен (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
Бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген іріктеу кезеңдері басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Байқаушыларға іріктеу комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген адамдарға жазбаша нысанда бере алады.
Азаматтар іріктеуге қатысу шығындарын (іріктеу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №69 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы) жергілікті сағат: 09.00.ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.







