АУЫЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАҒА ИЕ БОЛДЫ

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылорда облысының кәсіпкері, «Оңталап» шаруа қожалығының директоры Әбдіхамит Аралбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

    Әбдіхамит Аралбаев ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

    Оның қолдауымен 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында заманауи «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті салынып, пайдалануға берілді.

    Жаңа бекет Ақтөбе, III Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарындағы 7 мыңнан астам тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, елді мекендерді абаттандыруға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

    Бұл марапат – ел игілігі жолындағы еңбегі мен халық қауіпсіздігіне қосқан үлесінің жоғары бағалануы.

    Әбдіхамит Аралбаевты мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары