«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметті онлайн алу
- eGov.kz порталына кіріп, өзіңіздің ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіріңіз
- Мәзірден «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөліміне өтіңіз
- «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметін тауып, «Қызметті онлайнға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- Автоматты түрде БЖКЖ интерактивті картасына бағытталған кейін Сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Жердің мақсатын (мысалы: бизнес немесе ТҮҚ — тұрғын үй құрылысы) және құқық түрін (меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану/жалдау) көрсетіңіз
- Өзіңізге қажетті қаланы және бос тұрған (басқа шекаралармен белгіленбеген) жер аумағын табыңыз
- Картадағы арнайы графикалық құралдың (конструктор) көмегімен өзіңіз қалаған жер телімінің контурын (шекарасын) өз бетіңізше сызып шығыңыз
- Схема дайын болғаннан кейін, сұранысты өзіңіздің ЭЦП-ңызбен бекітіп, мемлекеттік органға жолдаңыз
- Берілген өтініш мәртебесін "Қызметтерді алу тарихы" тарауынан қадағалауға болады









