Ақтөбе қаласының әкімдігі
Қала 1869 жылы құрылған Ақтөбе бекінісінің (Ақ төбе) орнында пайда болды. 1932 жылы 10 наурызда Ақтөбе облысының орталығы болды.
Ақтөбе қаласы - Ақтөбе облысының облыстық орталығы, Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарымен шектеседі.
Қалалық әкімшіліктің құрамына 2 аудан кіреді: Астана және Алматы.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың басында Ақтөбе қаласының халық саны 570 475 адамды құрады, халықтың жалпы өсімі 12 180 адамды немесе 2,1% -. құрады (1 қарашадағы жағдай бойынша 582 655 адам).
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жаңалықтар
АшуІздестіру жұмыстарына рұқсатты қалай алуға болады
АшуЕрікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
АшуШығуға тыйым салынғанын тексеріңіз
Ашу1 топ мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшімен қамтамасыз ету қызметтеріне құжаттарды ресімдеу
АшуАйыппұлдың бар-жоғын қалай тексереді
АшуӘскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды кім ала алады
Құжаттар
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
2026 13 қазан 39 Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. 4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.. Төраға Д. Калмагамбетова Хатшы Э. Узакбаева
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (14-б. 6) т., 22-б.) 2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) 3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) 4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) 5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады (103-б.) 6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) 7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) 8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу Тиісті округтік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 қазанда басталады және 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады (104-б.) 9. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну Тиісті округтік сайлау комиссиялары Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) 10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) 11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу Тиісті округтік сайлау комиссиялары Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) 12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) 13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу Тиісті округтік сайлау комиссиялары Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) 14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Айына екі рет 15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін (28-б. 6-т.) 16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) 17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) 18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 қараша (26-1 б. 1-т.) 19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 13 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) 20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.) 21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (38-б. 1-т., 3-т.) 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және 28 қарашаға дейін (37-б. 3-т.) 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) 24. Дауыс беруді өткізу Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде Ақтөбе қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс (18-б. 8) т., 43-б.) 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) 28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиістіі аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) 29. Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т) 30. Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей (111-б. 1-т.) 31. Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 5 желтоқсаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) 32. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) 33. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру Кандидаттар, саяси партиялар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) 34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.