Некеге тұруды жоспарлап жүрсіз бе? Қажетті құжаттарды алдын ала дайындап қойыңыз.
eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алуға өтініш беруге болады.
Қызметті eGov.kz порталы арқылы алу үшін:
🔹 Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
🔹 «Отбасы» → «Отбасылық жағдай» бөлімдерін таңдаңыз;
🔹 «Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алуға өтініш беру» қызметін ашыңыз;
🔹 «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басып, міндетті өрістерді толтырыңыз;
🔹 Өтінішке ЭЦҚ, SMS-құпиясөз немесе eGov QR арқылы қол қойыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі Жеке кабинетте қолжетімді болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









