Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде тұрақты болжаммен, ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ рейтингін «BBB-» деңгейінде тұрақты болжаммен растады.
Агенттік бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдығының жоғары болуына негізделген.
«Самұрық-Қазына» рейтингі егеменді рейтингке теңестірілген, өйткені Fitch төтенше мемлекеттік қолдау көрсету ықтималдығын іс жүзінде кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Бұл мемлекеттің Қордың жалғыз акционері болуына, оның басшылығын тағайындауына және Қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануына байланысты.
ҚТЖ рейтингі бір сатыға төмен және мемлекеттік қолдау ықтималдығын өте жоғары (Extremely Likely) деп бағалауды, сондай-ақ компанияның «bb-» деңгейіндегі дербес кредиттік бейінін көрсетеді. ҚТЖ «Самұрық-Қазына» арқылы толығымен мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









