Зайсан ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша онкүндік өткізілуде

    1 / 3

    «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Зайсан қаласындағы Дауленов атындағы мектеп-интернатында эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.

    Іс-шараға мектептің техникалық қызметкерлері, мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Оқу-жаттығу барысында өрт шыққан кездегі іс-қимылдар, ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау тәртібі пысықталып, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, бүлдіршіндер үшін өрт сөндіру техникасының жанында арнайы фотозона ұйымдастырылып, балалар өрт сөндіру автокөліктерімен естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.

    Халықтың өрт қауіпсіздігі жөніндегі сауаттылығын арттыру мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ақпараттық стендтер де орналастырылды.

    Өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты – өрттің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және халықты төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет етуге үйрету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары