Қауіпсіздік ережелері – балалар көзімен

    Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері КММ «№ 15 «Алтын балық» балабақшасының» тәрбиеленушілеріне арналған профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара аясында балаларға арналған қызықты ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып, аниматорлардың өнер көрсетуі, қысқаша оқыту бейнероликтерін көрсету, сондай-ақ оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекше қызығушылығын «Мен – болашақ құтқарушымын» атты фотозона тудырды. Онда әрбір бала өзін нағыз құтқарушы ретінде сезіне алды.

    Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қолжетімді әрі ойын түрінде үйрету, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуді меңгерту және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары