Шығыс Қазақстан облысының Волчанка ауылында өрт шықты. Жеке тұрғын үйдің ағаш конструкциялары жанған.
Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып Волчанка ауылының «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жетті. Кейін өрт сөндіруге ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері қосылды.
Бірлескен күш-жігердің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар, жылыту және электр құрылғыларын пайдалану кезінде сақ болыңыздар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









