Әрдайым көмекке асығатын жандар – қонақта

    1 / 6

    Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне оқушылар арнайы қонаққа келді. Бұл күн олар үшін батылдықты, жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын жандардың еңбегімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды.

    Оқушылар үшін бұл құтқару қызметінің жұмысын сырттай бақылап қана қоймай, оның күнделікті тыныс-тіршілігімен танысуға жол ашты. Олар арнайы техниканы қызыға тамашалап, құтқару жабдықтарымен танысты. Сондай-ақ түрлі құралдардың қандай мақсатта қолданылатынын және олардың адам өмірін сақтап қалудағы маңызын білді.

    Бәлкім, дәл бүгін оқушылардың бірі болашақта құтқарушы формасын киіп, осы жауапты мамандықты таңдауды армандаған шығар. Ал енді бірі қиын сәтте әрдайым көмекке келетін құтқарушылардың еңбегіне деген құрметі мен ризашылығын арттырып қайтты.

    Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құтқарушылар қызметі туралы түсінігін кеңейтіп қана қоймай, батылдыққа, жауапкершілікке, мамандыққа құрметпен қарауға және бала кезден қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары